Алматыда БҰҰ мамандары ветеринарларға тренинг өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда БҰҰ мамандары ветеринарларға тренинг өткізді

10.04.2024

Алматы облысында мал дәрігерлеріне аусыл ауруы туралы түсіндірілді. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының мамандары, ветеринарларға ауру ошақтарын анықтау бойынша тренинг өткізді. Ең бастысы, мал дәрігері ауруды зерттеу кезінде, өзінің жеке бас қауіпсіздігіне мән бергені жөн. Аяғынан басына дейін арнайы қорғаныш киімін киіп, сақтық шараларын қатаң сақтауы тиіс. Себебі аусыл – жұқпалы ауру. Шеберлік сабағыда, мамандар вирусты дұрыс анықтаудың жолдарымен танысып, инфекцияның таралмауына жол бермеу тәсілдерін меңгерді. 5 күнге созылатын тренингке Қазақстанның ветеринария қызметінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары қатысты.

Дэвид Патон, БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының сарапшысы:

Аусыл тез жұғатынымен қауіпті. Ірі қара, ұсақ малдан бөлек, құстар да ауруы мүмкін. Осы індет әлемде талай мемлекетте ушығып, үлкен экономикалық шығын әкелді. Қазақстанда қазір мұндай мәселе жоқ. Десе де, сырттан әкелінетін ет және сүт өнімдерін тыңғылықты тексеруден өткізіп кіргізген жөн. Тіпті, жануарларға берілетін түрлі тағамдарда ауру ошағы болуы мүмкін. Сондықтан, мал дәрігерлеріне жиі тексеру жүргізіп тұру аса маңызды. 

Хабарламаларға жазылу