Алматыда зияткерлік меншік құқығы мәселелері қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зияткерлік меншік құқығы мәселелері қаралды

25.08.2014
Алматыда зияткерлік меншік құқығы  мәселелері қаралды

Интеграцияны дамытуда зияткерлік меншік саласы  кедергісіз жұмыс істеуі тиіс. Ол үшін мемлекеттік орган қызметкерлері мен кәсіпкерлердің құқықтық біліктілігін арттыру қажет.

Осы мақсатта Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік құқығы комитеті  бүгін Алматыда аймақтық семинар өткізді.

 Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың мамандары қатысып, зияткерлік меншік құқықтары, тауар таңбаларының контрафактісі және брендтерді қорғау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, сарапшылар зияткерлік меншік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша құқық қолдану тәжірибесін ортаға салды.

 

Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу