Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысында тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Хәл сұрасып, сабырға шақырды. Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және тасқынға қарсы күресіп жатқан жергілікті тұрғындармен жолықты. Мүфтидің жұмыс сапары кезінде тасқыннан зардап шеккен 300 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік себеті үлестіріліп, мүфтият атынан ыстық тамақ берілді.
Досжан Маратұлы