Димаштың жанкүйерлері тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың жанкүйерлері тасқыннан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдау көрсетіп жатыр

09.04.2024

Қазақстандағы тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарына Димаш Құдайбергеннің Тұманды Альбиондағы жанкүйерлері қол ұшын созып жатыр. Оларға Ұлыбританиядағы отандастарымыз бен жергілікті халық қосылып, қаржы жинады. Еріктілер арнайы ашылған есеп-шотқа ақша аударып, электронды парақшаға тілектерін қалдырды.

Джил Браун, Д.Құдайберген фан-клубының басшысы:

Елдеріңізде болып жақтан су тасқыны зардаптары туралы хабардармыз. Халықтың мал-мүлігі суға кеткенін естіп, қабырғамыз қайысты. Қазақстандағы жағдай тез арада қалпына келсін деп дұға ететін боламыз. Көңілі жадау жұртты қолдау үшін аз да болса ақша жинадық.


Хабарламаларға жазылу