Қазақстандағы тасқыннан зардап шеккен өңір тұрғындарына Димаш Құдайбергеннің Тұманды Альбиондағы жанкүйерлері қол ұшын созып жатыр. Оларға Ұлыбританиядағы отандастарымыз бен жергілікті халық қосылып, қаржы жинады. Еріктілер арнайы ашылған есеп-шотқа ақша аударып, электронды парақшаға тілектерін қалдырды.
Джил Браун, Д.Құдайберген фан-клубының басшысы:
Елдеріңізде болып жақтан су тасқыны зардаптары туралы хабардармыз. Халықтың мал-мүлігі суға кеткенін естіп, қабырғамыз қайысты. Қазақстандағы жағдай тез арада қалпына келсін деп дұға ететін боламыз. Көңілі жадау жұртты қолдау үшін аз да болса ақша жинадық.