Басты Жаңалықтар Риддер қаласында жолды лай басып қалды

Риддер қаласында жолды лай басып қалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында тау бөктерінен лайлы көшкін жүрді. Салдарынан қалдағы төртінші шағын аудан мен Лесное ауылы арасындағы автокөлік жолын жауып қалды. Қиыршық тас аралас топырақтың мөлшері 150 текше метр болады. Электр желісі үзіліп, қоғамдық көліктің жүруі уақытша шектелді. Дегенмен мамандар электр желісін дереу қалпына келтірді. Жол да тазаланып жатыр.

Олжас Керейхан


Бөлісу