Астанада Опера және балет студиясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Опера және балет студиясы ашылды

22.01.2014
Астанада Опера және балет студиясы ашылды
Классикалық өнерге бейімі бар балғындар үшін қуанышты хабар! «Астана Опера» театры жанынан балаларға арналған опера және балет студиясы ашылды. Мұнда оларға актерлік шеберлік, аспаптар ансамблі, хор және балет бағыттары бойынша кәсіби деңгейде дәріс оқылады.
 
Дәрісті театрдың майталман әртістері жүргізеді. Студияға арнайы комиссияның сынағынан сүрінбегендер ғана іріктеліп алынады. Өтініштер 21-ші ақпанға дейін қабылданады.
 
Айта кетерлігі, балалар мұнда тек дәріс алып қана қоймай, жаңадан құрылатын  симфониялық оркестрдің құрамына қабылданады. Табиғат берген талантын танытқандары театр әртістерімен бірге қойылымдарға да қатысады.
 
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу