Дубайда БАӘ-нің тұрғындары ұзақ уақыт күткен опера театры ашылды. Жаңа театрдың сахнасында бірінші болып әйгілі испаниялық тенор Пласидо Доминго өнер көрсетті.
Дубайлық опера театрына 2 мың адам сыяды. Ғимарат арабтардың доу қайығының пішінінде салынған және ол Дубайдың ең танымал Dubai Downtown ауданында орналасқан.
Жаңа театрда опералық спектакльдер, концерттер, көркем көрмелер, оркестрлердің концерттері, фильмдердің таныстырылымы мен спорттық шаралар өтеді.
Оның бағдарламасына сәйкес, театрда жуырда «Жизель» балеті, Хосе Каррерастың концерті өтеді. Сондай-ақ бағдарламада Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Слава Полуниннің «Мұздағы щелкунчик» шоулары қойылады.
Бүтіндей бір ауданның орталығына айналатын опера театрының ашылуы өңірдің мәдени өміріне тың серпіліс әкеледі деген сенім бар.
Дереккөз: Rambler