Астана қаласын су басу қаупі жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласын су басу қаупі жоқ

08.04.2024

Астана қаласын су басу қаупі жоқ. Премьер-Министр Олжас Бектенов, қала әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су тасқыны жағдайын арнайы тексерді. Астаналық контрреттегіші, Майбалық көлі, Вячеслав және Астана су қоймаларының ахуалын бақылады. Барлығында жағдай тұрақты. Жергілікті әкімдіктер су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізуде. Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту аяқталуға жақын.

Нұрлан Алдамжаров, Су ресурстары және ирригация вице-министрі:

Талапкерге тек қана Есілдің себебі тиіп жатқан жоқ. Енді бұл жерде Нұра өзені бойынша да Мына Приоброженка гидроузелымыздан 1400 куб секундына су қазір жүруде. Соның әсері бар. Қала әкімдігі, Ақмола облысының әкімдігі және төтенше жағдай министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу