Соңғы ақпарат бойынша, су тасқыны болған аймақтарда 75 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Олардың 18 мыңы бала, 50-ге жуығы мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл туралы Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы хабарлады. Қазір Республика бойынша жедел штабтар тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр. Құтқару жұмыстарына 17 мыңнан аса маман, 2000-дай бірлік техника жұмылдырылған.
Тәуірбек Бозекен