Төзім мен бірлік бар жерде қандай нәубетті де еңсеруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төзім мен бірлік бар жерде қандай нәубетті де еңсеруге болады

06.04.2024

Қостанай облыстық мешітінің бас имамы осылай деп, жұртшылықты/ қиын сәтте жұдырықтай жұмылуға шақырды. Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсетуден дін қызметкерлері де, шет қалып жатқан жоқ. Осы уақытқа дейін/ облыс аумағындағы мешіттерден апат болған аймақтарға 10 жүк көлігімен/ гуманитарлық көмек жіберілген.

Бақытбек Қажы Тәжімбет, Облыстық «Аймағанбет Спанұлы» мешітінің бас имамы:

Бабаларымыз болған іске болаттай берік бол дейді. Ең бастысы адамдар аман. Ал дүниенің орны толады. Сондықтан қазір біз сабырлы болуымыз керек. Көпшілікті осы кезде жұдырықтай жұмылуға шақырамын.


Хабарламаларға жазылу