Су тасқыны кезеңінде инфекция тарауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны кезеңінде инфекция тарауы мүмкін

06.04.2024

Су тасқыны кезеңінде түрлі инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Қостанай облысы сан-эпид бақылау департаментінің дерегінше, сел мен су тасқыны кезеңінде ағын су сапасы нашарлайды. Яғни, онда микробтық және вирустық ластану деңгейі артады. Сондықтан, А вирустық гепатиті, жіті ішек инфекциялары және басқалары сияқты жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін дейді. Эпидемиологтар, аурудың алдын алу үшін/ бөтелкедегі суды, жарамдылық мерзімі ұзартылған азық-түлікті қорын жинаған жөн. Және қайнатылған суды ішу керек деді.

Дауренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу