«Ворошилов» су қоймасы бөгетінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ворошилов» су қоймасы бөгетінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

05.04.2024

Алматы облысында «Ворошилов» су қоймасы бөгетінің жарылғанына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық прокуратураның «Немқұрайлылық» бабымен қозғаған ісінен кейін енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу жүргізеді. Айта кетейік, су қоймасы 2017 жылы сенімгерлік басқаруға жеке кәсіпкердің қолына өткен. Ал қойманың өзі облыстық әкімдіктің Ауылшаруашылығы басқармасына қарасты «Іле-иррегация» мемлекеттік мекемесіне тиесілі. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай аталған су қоймасында су 30 наурыз күні бірнеше елдімекенге қауіп төндірді. 12 мыңнан астам адам тұратын 2 елдімекен халқы эвакуацияланды. Қауіп сейілген соң, тұрғындар үйіне қайта оралған еді.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу