Атырау облысы Жылыой ауданында Жем өзені арнасынан тасып, Құлсары қаласына су кіре бастаған. Аймақтағы әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт ахуалды баяндайды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қазір Жылыой ауданының орталығы Құлсарыны көктей өтетін Құрсай өзенінің арнасы тасып жатыр. Осыған байланысты тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Ол үшін арнайы 7 құтқару пункті белгіленген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сарбаздар және қала тұрғындары күні-түні бөгет салып, судың жолын бөгеп жанталасуда. Теңіз кен орнында жұмыс істейтін аудан тұрғындары 5 күнге ақысы сақталатын демалысқа жіберілді, олар да тасқынның алдын алуға қолғабыс етуде.
Жасұлан Бисембиев, облыс әкімінің орынбасары:
Облыс әкімінің өзі құтқару жұмыстарын басқаруда. Дамбылық құрылғылар қазіргі таңда биіктілігін арттыру нәтижесінде келген судың толыққанды Құлсары қаласынан өтіп, кейінгі Қамыскөл, одан кейінгі Каспий теңізіне ағызып жіберу міндеті тұр алдымызда.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Сондай-ақ Жайықтан да қауіп бар. Болжам бойынша өзенге құйылатын су су көлемі ұлғаюы мүмкін. Сондықтан, арнайы белгіленген 20 учаскедегі дамбылардың биіктігін 6 метрге дейін көтеріп жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт