Үкімет басшысы Ақтөбе облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Ақтөбе облысына барды

05.04.2024

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысын барды. Су тасқын болған елді-мекендерді тікұшақпен аралап, жағдайды тексерді. Республикалық штаб жетекшісі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысымен танысты. Сонымен бірге су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Қазір өңірде шығынды өтеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Үш күн ішінде материалдық шығындарды өтеу туралы 1600-дей өтініш түскен. Бұдан бөлек, облыс әкімі мен басқа да жауапты ведомство басшыларына қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу