Түнде қардың қарқынды еруі салдарынан елорданың іргесіндегі Талапкер ауылы бойымен өтетін жасанды каналға су толып, жайылды. Төтенше жағдай мамандарының шапшаң әрекеттерінің нәтижесінде қауіп сейілді. Целиноград пен Шортанды аудандарының егістіктерінен еріген судың көп болғаны соншалық, қызыл Талапкер ауылына жеткен. Құтқарушылар инертті материалдарды төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ерік Жиенбеков, Целининград ауданының орынбасары:
Үйлерге су кірген жоқ. Тек аулаларына кірген. Қазір сыртқа шығарып жатыр. 23:45-тің кезінде су кетті. ТЖД құтқарушылары жұмыс жасап жатыр. Халыққа кауіп төніп тұрған жоқ.
Асылбек Данияр