Тайваньда зілзала кезінде жоғалып кеткен адамдар іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайваньда зілзала кезінде жоғалып кеткен адамдар іздестіріліп жатыр

05.04.2024

Тайваньда зілзала кезінде жоғалып кеткен 18 адам әлі іздестріліп жатыр. Олардың арасындағы төрт шетелдік - Австралия, Үндістан, Канада азаматтары.

Бұл аралда қуаты 7,2 баллдық жер сілкінісі сәуірдің 3-де болды. Одан елдің шығыс жағалауындағы таулы аудандар қатты зардап шекті. Қазір құтқарушылар жолдардың бұзылуына байланысты ұлттық паркте қалып қойған жүздеген адамға жетуге әрекеттеніп жатыр.

Соңғы мәліметке қарағанда, жер дүмпуінен 10 адам қаза тауып, мыңнан астамы жараланған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу