Алматы жұрты мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметовпен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы жұрты мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметовпен қоштасты

06.04.2024
Алматы жұрты мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметовпен қоштасты

Бүгін қазақ жұрты Алматыда белгілі журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметовты ақтық сапарға шығарып салды. Қаралы жиынға марқұмның туған туыстары, зиялы қауым өкілдері, телевизия ардагерлері мен бір топ журналист қатысты. КСМ: Замандас әріптестері Ғаділбек Шалахметовтың тынымсыз еңбегі мен тұлғалық қасиеттері туралы естеліктерді айтты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Президенттің көңіл айту жеделхатын жеткізді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Барлық өмір жолы мемлекетіміздің дамуына, тәуелсіздігіміздің нығайтуына, оның ішінде медиа саласының қалыптастырып, бүгінгі дәрежеге жеткенше үлкен қосқан бірден бір азамат. Бүгінде жаңа айтып отырған шәкірттері ізін жалғастырып, абыройлы қызмет атқарып келе жатыр. 0115

Смағұл Елубай, жазушы:

Ғаділбек Мінәжұлы телеменеджменттің маңдайалды майталманы еді. Осы саланың майданында ізі қалған тұлға болды. Мен Мәскеуде екі жыл сценаристердің жоғары курсында Ғаділбек ағамызбен дәріс алдым. Сол жылдары осы кісінің азаматтығына тәнті болдым. Рухы Алла алдында шат болып, жаны жәннатта шалқығай. 0209

81 жасқа қараған шағында өмірден өткен Ғаділбек Шалахметов, саналы ғұмырында отандық журналистикамен қатар, мемлекетаралық телевизияның да дамуына үлес қосты. Ол ақпарат саласындағы еңбек жолын, Алматы телестудиясында бастап, кейіннен Қазақ теледидары бағдарламаларының бас редакторы болды.


Хабарламаларға жазылу