Атырау облысындағы су тасқынынан қауіп бар аумақтарға әскерилер көмекке келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы су тасқынынан қауіп бар аумақтарға әскерилер көмекке келді

04.04.2024

Атырау облысындағы су тасқынынан қауіп бар аумақтарға әскери күштік құрылымдар көмекке жіберілді. Қарабау ауылында кешеден бері «Ұлттық ұлан» және қорғаныс министрлігінің Атыраудағы бөлімшелерінен құралған 150-ге жуық сарбаз ауыл тұрғындарымен бірлесіп, өзен арнасының жағалауына үш мыңнан астам қап топырақ төседі. Ойыл өзені арнасынан асып, аудандағы 7 елді мекенге қауіп төндірген болатын.

Қазір 4 ауылдық округтен өткен тасқын судың қаупі сейілді. Енді барлық күш Қарабау ауылына жұмылдырылып жатыр.

Бабиржан Батыров, 5546 әскери бөлімі батальон командирінің орынбасары:

2 шақырым жердің бөгеттерін жауып халыққа аямай күні-түні қызмет етіп жатырмыз. Ұлттық ұлан әрқашан сіздермен бірге, жауынгерлік және де ұйысқан ұлттық ұлан - еліме, халқыма қорған.


Хабарламаларға жазылу