Қостанай облысында қауіптің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қауіптің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

04.04.2024

Қостанай облысынының Наурызым ауданындағы Буревестник ауылында бірнеше үйге су жайылған. Әкімдік мамандарының айтуынша, оның үшеуінде адам тұрмайды. Жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай қызметі, тұрғындар бірлесіп қимылдап, су кірген аумақтан адамдар мен жан-жануарларды қауіпсіз жерге шығарды. Қолда бар техниканың көмегімен ауыл жанындағы көтерме жол екі жерден жырылды. Осыдан кейін су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді.

Меңдіқара ауданындағы Степановка және Архиповка ауылдарын су қоршап тұр. Қазір тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Жангелдин ауданы Түймойнақ ауылының тұрғындары су басу қаупі төнгендіктен, Ақшығанақ елдімекеніне эвакуацияланған. Мамандар Тобыл өзенінің де деңгейі көтерілуі мүмкін екенін айтып, жағалауға жақын орналасқандарға ескерту жариялады.


Хабарламаларға жазылу