Шымкент жұртшылығы су тасқынынан зардап шеккен еліміздің бірнеше аймағына бір аптадан бері тоқтаусыз гуманитарлық көмек жинап жатыр. Бұл жұмысты «Жастар ресурстық орталығы» үйлестіріп отыр. Онда республикалық волонтерлық фронт-офистің өңірдегі бекеті ашылып, 130-дан астам волонтер күндіз-түні жұмыс атқаруда. Бұл бастаманы қаладағы арнаулы және жоғары оқу орындарының белсенді студенттері де қолдады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге бүгін Шымкент қаласынан 10 тонна зат тиеген жүк көліктері жолға шықты. Волонтерлер шаруаның ұсынысы бойынша егіс алқабына барып, гуманитарлық көмек үшін пияз теріп әкелді.
Қайыржан Бөгенбай, жастар орталығының қызметкері:
Орталықтың машинасын алып, қызметтік көлігімен 20 қап пияз тердік. Кәдімгідей Ақтөбеге сейілгенше өзіміздің ниет, пейілімізді көрсеткіміз келді. Осының бәрін сұрыптап, ертең жолға шығамыз.