Алматы облысында қар көшкіні жүріп, жолды жауып қалды. Түрген – Батан ауылдарын жалғайтын автожолдың 23-ші шақырымында жылжыған ақ ұлпаның көлемі, 200 текше метрге жуықтайды. Қираған нысандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жолды тазалау жұмыстары жүр жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі жоғары екенін айтады.
Дәурен Азаматов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:
Алматы облысының аумағында Іле-Алатаудың оңтүстік беткейлерінде яғни, Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 қар көшкіні жүретін учаскелер бар. Негізгі қар көшкінінің түсуі ауа температура фонының жоғарылауынан және жаңбар мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады. Сондықтан тауға шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.
Қуан Нұрақын