Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 51 адам қар құрсауынан құтқарылды

30.11.2020

Жамбыл облысында қар құрсауынан 51 адам құтқарылды. Жуалы ауданында ақтүтек боранда қалған жолаушылардың 21-і - бала. Қатты бұрқасыннан Алматы-Ташкент күре жолының бір бөлігі жабылып, жүздеген жүк көліктері жол бойында тұрып қалған. Төтенше жағдай қызметі жиырмаға тарта жеңіл көлікті қауіпсіз жерге шығарған. Қазір республикалық маңызды жол толық тазаланып, қозғалыс қалпына келді. 

Талғат Сабиров, ТЖД басшысының орынбасары:
Қардың ішінде 21 жеңіл көлік тұрып қалды, бірақ біз алдын ала дауылды ескерту бергенбіз, соның арқасында жол полициясы уақытында жолды жауып, көп көлікті ұстап қалды. 

Алматы облысында да түнгі сағат 3.00 шамасында қар құрсауынан 30 адам құтқарылды. Алматы-Өскемен-Қапал-Арасын шипажайы тасжолының 19-шы шақырымында 10 көлік қарға батып қалған. 30 жолаушының арасында 2 бала да болған. Құтқарушылар қар тазалайтын ауыр техника қолданып, көліктерге жол ашып берді. Ал бүгін таңғы 9.00-ден қатты боран салдарынан бұл бағыттағы қозғалыс тоқтатылды. 

Сәбит Әлдебай

Жамбыл облысы боран

Хабарламаларға жазылу