Оралда «AMANAT» партиясы мен «Абырой» мектебінің еріктілері Подстепное ауылындағы эвакуациялық орталыққа гуманитарлық көмек жеткізді. Мектеп ұжымы жинаған қаражатқа қажет азық-түлік, гигиеналық заттар алынған. Көмекті оқушылар колледж жатақханасы мен спорт залында орналасқан тұрғындарға апарып берді. Эвакуациялық орталықта 100-ге жуық адам тұрып жатыр. Оларға еріктілермен қатар, кәсіпкерлер, «Аманат» партиясының өкілдері де гуманитарлық көмек апарып, жәрдем беріп жатыр. Зардап шеккен тұрғындар ыстық тамақ, төсек орынмен қамтылған.
Алтынбек Арманұлы, мектеп мұғалімі:
Белсенділерден құралған 7-8 оқушы бар. Яғни мектеп парламенті болып, алдын ала қайырымдылық қорымыздан ақша бөліп, қиын-қыстау кезде халқымызға жәрдем ретінде осындай гуманитарлық көмек көрсеттік.
Ардақ Мұратқызы