Павлодар облысының алты ауданына қарғын судан қауіп бар. Қазір 8 учаске анықталды. Су кірген 18 үйден адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Жағдай, әсіресе Ақтоғай ауданына қарасты Жалаулы ауылында қиындық туғызған. Құтқарушылар тәулік бойы бөгетті көтергенімен қарғын су тоқтар емес. Қазірдің өзінде осы елдімекендегі 15-ке тарта үйге су жайылған.
Болат Аманбаев