Павлодар облысында 5 елдімекенге қарғын судан қауіп бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 5 елдімекенге қарғын судан қауіп бар

13.03.2024

Су жүру қаупі бар аумақтардағы нақты жағдайды анықтау үшін Павлодар облысындағы төтенше жағдай қызметі әуеден және құрылықтан бақылау жүргізбек.

Себебі, күннің құбылмалы болуы, яғни, қар бірде еріп, бірде қатып жатқандықтан, қандай да бір шешім қабылдау қиындық тудырып отыр. Оның үстіне аймақтың барлық бөлігінде климаттық жағдай біркелкі емес. Мәселен, Ертіс, Железинка, Ақтоғай, Тереңкөл аудандарында биыл қар қалың. Әлі көбесі де сөгілген жоқ. Ал Баянауыл мен Екібастұз қаласына қарасты аумақтарда қызыл су жүре бастады. Ондаған ауылдарды су басу қаупі бар.

Жасұлан Жұмашев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Барлығының саны – 65. Соның ішіндегі қатаң бақылаудағы 43 елдімекен. Ертең мына тікұшақпен, көлікпен 3-4 топ жібергелі отырмыз. Солар қарап шығады не болып отырғанын.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу