Қазақстандық өнерпаздар Қытайда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық өнерпаздар Қытайда өнер көрсетті

30.03.2024

Киіз үй, ұлттық тағамдар мен қазақи нақыштағы киімдер және 50 түрлі музыкалық аспап. Бейжіңдегі Ұлттық опера үйінде қытайлықтарға қазақтың мәдениеті, салт-дәстүрі таныстырылды. Сондай-ақ, гала концерт ұйымдастырылып, 150-ден астам әнші, биші мен күйші ән мен жырдан шашу шашты. Шараға қатысқан премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу екі елдің достығы нығайып келе жатқанын айтып, көршілерімізді туризм саласын бірге дамытуға шақырды. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдауын оқыды.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

Баршаңызды Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы бірегей бастамаға қолдау көрсеткені үшін ҚХР төрағасы құрметті Си Цзиньпин мырзаға шынайы ризашылығымды білдіремін. Екі ел арасындағы қарым-қатынас, достық, тату көршілік және меңгі стратениялық ынтымақтастық рухында дамып келеді. Баршаңызға зор денсаулық, бақ береке, толағай табыс тілеймін. Сіздерді қазақтың қонақжай жерінде күтеміз. ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу