Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Абай облысындағы әріптестеріне көмекке аттанды. Су тасқынымен күресу, салдарын жою және тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарына 20-дан астам құтқарушы жұмылдырылмақ. Олар 6 техника, 4 жүзу құралы және 8 су сорғыш мотопомпамен қызмет көрсетпек. Жетісулық құтқарушылар былтыр жазда орман өртенгенде де, көрші Абай облысына көмекке барған болатын.
Қуаныш Қанатұлы