Сенат пен университет арасында меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат пен университет арасында меморандумға қол қойылды

20.12.2023

Парламент сенаты мен Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте екіжақты ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатта заңнамалық бастамаларды әзірлеу және ілгерілету, бірлескен сараптамалық кездесулер мен талқылаулар өткізу көзделген.

Сондай-ақ, басқа да өзара іс-қимыл барысында тараптардың бір-біріне консультациялық және сараптамалық қолдау көрсетуіне қатысты ережелер қарастырылған.

Айта кетейік, Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет елімізде заңгер мамандарды дайындайтын бірегей орын. Сондықтан алдағы уақытта өміршеңдігі мол заңдардардың қабылдануына аталған білім ордасы өкілдерінің үлесі болмақ. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жалпы соңғы екі жылда Парламент 170-тен астам заң қабылдағанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта Салық, Бюджет және Су Кодекстері қабылданады. Барлық құжат саяси жүйені жаңғыртуға, экономикамызды жандандыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу