Қырғызстанда қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанда қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланды

29.03.2024

Қырғызстанда да дәл Алматыдағы жағдай. Бішкекте қатты дауыл соғып, 11 мектеп пен 8 балабақша зақымданған. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратына жүгінсек, бас қала мен Шу облысында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жетіп, төтенше жағдай жарияланды. Дауылдан 10 адам зардап шегіп, 70 әлеуметтік нысан мен 80 үй және 4 шаруашылық зақымданған. Бішкектің өзінде 26 әлеуметтік нысан бүлінген. Ағаштар құлап, ғимарат шатырлары қираған. Көліктер бүлініп, көшеде қозғалыс шектелген. Троллейбус желілері де зақымданған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу