Ақтауда мектептер онлайн оқу форматына көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда мектептер онлайн оқу форматына көшірілді

22.11.2023

Маңғыстауда қатты желдің салдарынан, дауылды ескерту жарияланды. Соған байланысты бүгін Ақтау қаласындағы және Мұнайлы мен Бейнеу аудандарындағы кейбір мектептер онлайн оқу форматына көшірілген. 

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Өңірде кешелі бері қатты жел тұрды. Дауылды желдің салдарынан Бейнеу ауданында 2 үйдің шатыры жартылай ұшқан. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бүгіннен бастап, Ақтауда мектептерде түске дейін оқитын сыныптар сабақты қашықтан оқып жатыр. Егер жел басылмаса, екінші кезең де онлайн оқуы мүмкін. Сондай ақ Бейнеу мен Мұнайлы аудандары да білім беру ұйымдары қашықтан оқуда. Бұл оқушылардың қауіпсіздігі үшін, қабылдаған шара. Синопииктер желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 23-28 метрге дейін жететінін хабарлады. Сондықтан төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу