Жамбы ату – әдемі де рухты спорт түрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбы ату – әдемі де рухты спорт түрі

20.03.2024

Жамбы ату – ұлттық ат спорт түрлерінің ішінде ең әдемі және рухты сайыс. Бұл жетісулық спортшы Гүлдана Алыбаеваның пікірі. Жамбы атудан ұлттық құрама командасындағы жалғыз ару Талдықорғанда өтіп жатқан ұлттық ат спорт түрлерінен облыстық чемпионатқа арнайы келді. Талай дүбірлі жарыстарда топ жарып жүрген бойжеткеннің қолына садақ алып, жылқы мініп, нысана көздеп жүргеніне 7 жыл. Мерген қыз Жетісу облысы атынан республикалық және халықаралық сайыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Қазір Азия және ел чемпионаттарына дайындалып жатыр. Бұл сайыстарда жақсы нәтиже көрсетсе Астанада өтетін дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бабы мен бағын сынайды.

Гүлдана Алыбаева, жамбы атудан ұлттық құрама командасының мүшесі:

Негізі кішкентайымнан аттың қасында жүргем. Осы жамбы атуға 16-17 жасымнан аттың үстінде садақ атамын. Жамбы ату ең әдемі спорт деп ойлаймын. Өйткені аттың үстінде ұлттық киіммен және қыз баланың атқаны өзіме ұнайды. Әдемі болып көрінеді. Ең әдемі спорт болып есептелінеді.

Хабарламаларға жазылу