Ұлыстың ұлы күніне орай, Елордада алғаш рет «Наурыз бал» өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен кешке, түрлі елдің дипломатиялық корпусы, халықаралық ұйым басшылары мен шетелдік компания өкілдері қатысты.
Меймандарға жиын барысында еліміздің мәдени мұрасы мен ұлттық брендтін, тарих пен мәдениетінен сыр шертетін "Qazaq сulture" ақпараттық-танымдық порталы таныстырылды. Дипломатиялық балдың құрметті қонақтары да қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Мохамад Фаджрул Рахман, Қазақстандағы Индонезия Республикасының елшісі:
Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтағым келеді. Біз Наурызды жаңа жылдың келуі және көктемнің басталуы деп атаймыз. Индонезия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайуына біз тілекшіміз. Бұл таңғажайып мереке, өйткені Наурыз мейрамын 7-10 күн бойы тойлайды. Біз, яғни шетел ел, Қазақстанның мәдениетін жақсы көреміз. Қазақстанда тұрып жатқаныма екі жылдай болды,осы уақыт аралығында мәдениеттеріңіз туралы көп нәрсені білдім.
Чжо Тэ-Ик Қазақстандағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі
Мен қазақ мәдениетін жақсы көремін. Қазақтар - өте қонақжайлы халық. Тағамдарыңызды да сүйсініп жейміз. Әсіресе, бауырсақ пен ет тағамдарыңыздың орны біз үшін ерекше. Наурыз көктемнің басталуын білдіреді. Қыс аяқталып, көктемнің келуімен табиғат жаңарды, біз жаңа өмір күтеміз. Сондықтан мерекемен құттықтаймыз!
Ақмаржан Ғафиз