Түркістан облысында шаруалар ағын суды арзан бағада тұтынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында шаруалар ағын суды арзан бағада тұтынатын болды

20.03.2024

Түркістан облысының Жетісай ауданында 12 мыңнан аса шаруа қожалығы егістіктерге ағын суды арзан бағамен тұтынатын болды. Аудандық прокуратура қызметкерлері өзекті мәселеге араласып, заңдылығын қалпына келтірудің арқасында арадағы делдалдық қызметтер атқарып келген өндірістік кооперативтердің жұмысы тоқтатылды. Яғни, тексеру барысында қожалықтарға суды тарататын «Қазсушар» мекемесі негізсіз 68 өндірістік кооперативімен келісім шартқа тұрғаны анықталған.

Сөйтіп шаруалар ағын судың текше метріне 740 теңге төлеудің орнына 5 мыңнан 13 мың теңгеге дейін артық ақша төлеп келіпті. Ал биылдан бастап шаруалар судың текше метріне қайтадан 740 теңгеден төлейтін болды.

Айдархан Жүнісбеков, Жетісай ауданының прокуроры:

Мәселе Су комитетімен шешімін тапты. Бұдан былай шаруалар тікелей «Қазсушар» мекемесімен тікелей келісімшартқа отыру арқылы бұрын кооперативтерге ортада беріп жүрген ақшаларын өздері үнемдейді.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу