Түркістандық диқандар биыл ағын судан тапшылық көрген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық диқандар биыл ағын судан тапшылық көрген жоқ

18.07.2019

Түркістан облысы Келес ауданының диқандары биыл ағын судың молдығынан алғашқы егінін жиып алып, орнына екінші рет дақыл егіп жатыр. Жылда жаз ортасында мазасы қашатын шаруалар биыл ағын судан тапшылық көрген жоқ. Аймақта 120 шақырым ағын су жүйелерінің арнасы тазартылды. Сондай-ақ, Келес өзенінен өтетін Дюкер гидроқұрылымы ағымдағы жөндеуден өтті. Нәтижесінде бұған дейін ағын су бармайтын елді мекендердің егістіктерін суландыруға мүмкіндік туды. Бұл аймақта агроөнеркәсіптің дамуына қолайлы жағдай туғызып отыр.

Жалпы, аудан аумағында 629 шақырым ағын су жүйелері, 145 канал бар. Мұнан бөлек республикалық меншіктегі үш су қоймасына да биыл жеткілікті мөлшерде су жиналды. Биыл тағы 7 каналдың бойындағы гидроқұрылымдарды жөндеу жоспарланып отыр. Межелі іс тиянақты атқарылса диқандар пайдалана алмай келген 350 гектар егістік жер суландырылады.

Әубәкір Сапаров, Келес ауданы «Су шаруашылығы» МКК-ның директоры:

Абай орталығынан өтетін Араншы каналы және Игілік, Саңырау каналдары күрделі жөндеуден өткізуге сметалық құжаттарды дайындадық. Ақша қарастырылса, толық басталады.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу