Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды. Жылда өтетін шараға биыл бірқатар жаңа номинация қосылған. Үздік тоғызқұмалақшы», «Үздік құсбегі», «Үздік ит баптаушы», «Үздік ат спорты шебері» таңдалды. Әр өңірден жиналған 9 жеңімпаздың әрқайсысына 1 млн теңге көлемінде сыйақы берілді. Шара соңында бүгінгі Жаңару күніне орай, концерт ұйымдастырылды.
Назгүл Сарыбай, «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығы» жобасының ұйымдастырушысы:
Іріктеу соңғы 2 жыл ішінде бүкіл баспа беттерінде бүкіл барлық қандай да бір байқаулар бар, халықаралық, республикалық болсын соған қатысқан үміткерлер бізде іріктелініп алынады. Ол кісілердің сонау 35 жылдық беграудтары да кейде есептеледі.
Арман Қошқаров, «Үздік құсбегі-2024» номинациясының иегері:
Еңбектің арқасы, шұғылданғанның арқасы. Өз нәтижесін береді деп ойлаймын. Жоспар көп. Биыл көшпенділер бар. Азия чемпионаты бар. Солардың бәріне қатысып, қазақтың көк туын жықпай көтеріп шығу керек.