Түркістан облысының Келес ауданында 5 жасар бала суға батып кетті. Бүлдіршінді алдымен ата-анасы демалыс күні жоғалды, деп полицияға хабар берген. Біртілек ауылының тұрғындары суару каналының жағасынан баланың аяқ киімін тауып алған еді. Осыдан кейін сүңгуірлер шақыртылып, олар күндіз-түні іздеді. Іздеу жұмыстарына жүзге жуық төтенше жағдайлар қызметкері мен тәртіп сақшысы, жергілікті тұрғындар және әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды. Жоғалған баланың денесі үйінен 2 шақырым қашықтан табылды.