Қ.Дәуітәлі: Құмар ойыны мен есірткіге тәуелділікпен күресудің тиімді тәсілін қарастыру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Дәуітәлі: Құмар ойыны мен есірткіге тәуелділікпен күресудің тиімді тәсілін қарастыру керек

18.03.2024

Ұлттық құрылтай мүшесі Қазыбек Дәуітәлі құмар ойыны мен есірткіге тәуелділікпен күресудің тиімді тәсілін қарастыру керек деп санайды. Әйтпесе, бұл тұтас ұлттың кесапатына айналып бара жатыр, - дейді. Сарапшының пікірінше, зиянды әдеттерге тәуелділік «вейп» секілді электронды темекінің сәнге айналуынан басталады. Сондықтан, жасөспірімдер арасында кеңінен таралған «вейпке» тосқауыл қою – үлкен қылмыстың алдын алатын шара екенін айтты. Сондай-ақ, заңгер есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын күшейтіп, ауыр қылмыспен теңестіру қажет деп санайды.

Қазыбек Дәуітәлі, заң ғылымдарының кандидаты, ұлттық құрылтай мүшесі:

400 мыңға жуық азамат құмарпаздық ойынға душар болған. Былай қарасаңыз, үлкен бір қаланың тұрғыны Президентіміз айтқандай. Немесе Ұлытау облысында 138 мың тұрғын болса, екі облыс. Біз бұл ахуалға қалай тап болып отырмыз? Неге? Бұның түпкі себептері жай қарапайым ғана сұрақтар болып шығады. Яғни, үлкен ірі сұрақты шешу үшін осындай ұсақ сұрақтарды да қамтуымыз керек.


Хабарламаларға жазылу