Қалғып кеткен вице-премьердің қызметі төмендетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалғып кеткен вице-премьердің қызметі төмендетілді

08.01.2014
Қалғып кеткен вице-премьердің қызметі төмендетілді
 
Шешенстан Президенті Рамзан Кадыров жиналыстар кезінде қалғып кететін шенеуніктермен күресудің тиімді тәсілін тауып отыр.
 
Российская газетаның жазуынша, алдағы уақытта дәл осындай жағдайға тап болған шенеуніктің қызметі төмендетілетін болады.
 
«Өткен жылы вице-премьер Хасмагомед Хизриев қажеті жоқ уақытта қалғып кетті. Ол қатардағы министр лауазымында оянғанын да сезбей қалды. Ал денсаулық сақтау министрі Шахид Ахмадовтің тәтті түс көргені соншалықты, денсаулық министрлігі ұжымымен қоштасу кешін ұйымдастырып, дәрігердің бос орнын іздеу әуре-сарсаңын мойнына жүктеп алды», - деп жазды Р.Кадыров Instagram-дағы өз аккаунтында.

Хабарламаларға жазылу