Елордада киіз үй тігуден шеберлік сағаты өтті. Ұлттық дәстүрді ұлықтайтын шараға қатысқандардың қөрасы көп. Әсіресе, оқушылар мен студенттер қызығушылық танытуда. Этнограф мамандар жиналғандарға киіз үйді тігудің дұрыс техникасы мен ерекшеліктерін толық айтып берді.
Сондай-ақ әр заттың мән мағынасы мен тарихына тереңінен тоқталды. Ұйымдастырушылар игі шара республика көлемінде жалғасы табады деп отыр.
Ақеділ Тойшанұлы, Түркі академиясының ғылыми сарапшысы:
Уық қалай шаншылады? Кереге қалай керіледі? Есікті қалай таңып байлаймыз? Үзікті, жабдықты, туырлықты қалай? Осыны біздің балалар кітаптан көріп жүргені болмаса, өмірде көрмеген. Соны алғаш рет шеберлік сыныбын өткіздік. Сондықтан ұлтымызға қызмет ету үшін, адал болу үшін біздер жастарымызға, балаларымызға жұмыс істеуіміз керек.
Тәуірбек Бозекен