Қазақстандық бітімгерлер ротасы Голан жоталарына жетті. Қарулы күштердің әскери жасағының құрамында 139 әскери қызметші бар. Ұлттық контингенттің жеке құрамы базаға орналасып, жайғас жатыр, дейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Жалпы, бітімгерлік миссияларға қатысу әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі. Бөлімше жауапкершілік аймақтарын патрульдеу, тосқауыл бекеттерді ұйымдастыру, бітімгерлік базаны күзету және бейбітшілік уағдаластықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті сауытты дөңгелекті машиналармен, камаздармен, шағын автобустармен және жол талғамайтын көліктермен жабдықталған.
Ілияс Мұстафин, ҚР ҚМ Бітімгершілік контингентін орналастыруды бақылау тобының офицері:
Жоспар бойынша біздің офицерлер және Ирландия офицерлерімен бірге тапсыру, қабылдау процесі орындалуда. Ол жоспар бойынша бірінші теориялық сабақ өткізілуде. Миссия қолбасшысының резерв ротасы болғандықтан, ең басты тапсырмалар: базаларды күшейту және де бақылау базаларын күшейту.
Асылбек Данияр