Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

15.03.2024

Елімізде 200-ден астам елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген. Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады. Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген. Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу