Амал - бірлік мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Амал - бірлік мерекесі

14.03.2024

Амал мерекесін ақтөбеліктер де тойлап жатыр. Таңертеңнен бастап әр ауылда, тіпті, әр аулада қазан асылып, жұртшылық бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре, Өңір жұртының мерекелік көңіл-күйін Жақсыбек Кемал жеткізеді.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Асыға күткен амал мерекесін ақтөбеліктер де ерекше қарсы алды. Облыстың түкпір-түкпірінде мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.Ал, Қарғалы елді мекенінде аналар ақ кимешек шеруін ұйымдастырды.

Бұл шеруге бірден жүз әже қатысты. Есет Батыр шағын ауданынан Қарғалы ауылындағы мәдениет үйіне дейін жүріп өткен аналарды көрген жұрт таңданыстарын жасыра алмай, жаппай таспаға түсіріп жатты.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Міне, мен қазір осы шеруге белсене қатысқан әжелердің қасында тұрмын. Бұл шараны өткізудегі мақсаттарыңыз не?

Күнімхан Кәкішқызы, қала тұрғыны

Қазақтың киімдерін киім жүруге шақырамын жастарымызды.Міне, қандай әдемі шеру болып жатыр.Әжелеріміз ақ кимешекпен қатысып жатыр. Көрісу күнінде айтылған тілектер қабыл болсын!

Өнерпаздар мерекенің көрігін қыздырды. Балалар ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Күннің салқынына қарамастан жиналған жұрттың қарасы қалың. Атпен келген қыз-жігіттер де бар.

Аружан Алдаш, қала тұрғыны:

Бала күнімнен атқа мінемін. Бәйгеге шапқан уақыттарым болды. Қазіргі таңда Ақтөбенің 155 жылдығына ұйымдастырылған шара болғасын жерде, қазақтың барлық құндылығын насихаттау мақсатында.

Жастар көше аралап, жарапазан айтып жүр. Тіпті, біз кездестірген мына топ шаһардағы үлкен супермаркеттің ішіне кіріп барып, ондағы жұртты таң-тамаша етті. Бүгін көпқабатты үйде тұратындар да аулаларына шығып, бір дастарханнан дәм татты.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Мынадай ақ шаңқан киіз үйлер қаланың барлық ауданында тігілді. Бүгін ұлтымыздың салт-дәстүрлері барынша насихатталып жатыр.Ал, мерекелік іс-шаралар түнге дейін жалғасады.


Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу