Алматыда кеше кешке басталған жауынның арты, қарға ұласып, қала ішінде қолайсыздық тудырып жатыр.
Сулы қарды көтере алмаған ағаш көлік тұрағындағы 7 көлікті басып қалды. Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға көліктерін ағаш астында қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ, тұрғындарға бүгін таулы аймаққа бармауды ескертті. Өйткені, жел екпіні 15-22 метрге дейін жетеді деді.
Әуе рейстері кешігіп жатыр
Ал Алматы әуежайына ондаған рейс ұшып шыға алмай уақытынын кешігіп жатыр. Ұшақтардың келу уақытында да кідіріс байқалады. Бірақ әуежай тарапы бұл рейстердің уақыты ауа райымен байланысты емес, Алматы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп ресми хабарлама таратты.
Әйгерім Ердәулет