Астанада отбасылық құндылықтар паш етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отбасылық құндылықтар паш етілді

09.03.2024

Астанада отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған «TATULYQ» FEST фестивалі өтті. Мұнда жеке тұлғаны дамытуға, отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және түрлі бағытта тәжірибе алмасуға арналған шаралар ұйымдастырылды. Шараға 300-ге жуық тұрғын қатысты. Олар үшін жанұя психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасылық жанжалдар және құқықтық сауаттылық жөнінде сарапшылармен кездесулер өтті. Ата-аналарға әлеуметтік мәселелерде көмек беру үшін осы алаңда үкіметтік емес ұйымдардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шерхан Жұмабекұлы, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Әрбір ата-ана, қатысушы келу арқылы осы Үкіметтік емес ұйым алдына келіп, қызметтерін алып отыр. Мемлекеттік қызметтерден ЭЦП алуға және де Enbek.kz арқылы өдерінің еңбекке өтініш беру арқылы осындай қызметтерін алып отыр. Және де «Жолтап» бағдарламасынан қатысушылар алдын ала тегін оқыту жұмыстарына қатысып отыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу