Құқық қорғау органдарында моральдық, отбасылық құндылықтар туралы оқытылатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау органдарында моральдық, отбасылық құндылықтар туралы оқытылатын болды

06.04.2018

Құқық қорғау органдарында моральдық, тіпті отбасылық құндылықтар туралы оқытылатын болды. Бұған дейін тек заң пәндеріне мән берілсе, енді этика, дінтану, саясаттану, мәдениеттану салалары да қамтылады. Осылайша, шен тағып, қару ұстайтын қызметкерлерді озбырлық пен жемқорлықтан жирендіріп, гуманизмге тәрбиелеу талабы тұр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы осыған ықпал болған.

Соның негізінде «Әскери, арнаулы жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық білім» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға қатысқан Түркия, Үндістан университеттерінің профессорлары мен сарапшылар құқық қорғау органдарын гуманизациялау жайлы ойларын білдірді. 

Бүркіт Нұрмағамбетов, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдары академиясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі:

- Құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан кетіп отырған кемшіліктер бар. Сондықтан да мардымды, сауатты құқық қорғау орган қызметкерлерін даярлау үшін алдымен осындай гуманитарлық білімдер жете берілуі керек.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу