Польшада мыңдаған фермер арзан импорт пен экологияға байланысты шектеулерге наразылық білдіріп жатыр. Олар премьер-министр кеңсесінің жанына жиналып, дөңгелектерді өртеп, петардалар лақтырған. Демонстранттар жолдарды бөгеп, көлік қозғалысын қиындатып жатыр. Фермерлер соңғы айларда Еуропаның көптеген елдерінде шеруге шықты. Жергілікті үкіметтер болса, кейбір шектеулер климаттың өзгеруін тежеу үшін қажет, - дейді.
Арыстан Рысбек