Иракта мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта мыңдаған адам үкіметке қарсы шеруге шықты

02.08.2022

Ирак астанасы Бағдадта мыңдаған адам шеруге шықты. Олар шииттік діни уағызшы Мұқтада ас-Садр жақтастарының парламент ғимаратын басып алуына наразылық білдіріп жатыр. Садрдың қолдаушылары 10 айдан бері үкіметтің құрылмауына қарсылық білдіріп заң шығару органына басып кірген. Алайда ираншыл содырлар мен өзге де оппозициялық партиялар азаматтық институттарды қорғаймыз деп Садрдың жақтастарына қарсы демонстрация өткізіп жатыр. Шерулерді тарату үшін жергілікті полиция су шашатын машиналарды қолданды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу