Бүгін Сенатта трансферттік баға белгілеу мәселелеріне қатысты заң мақұлданды. Құжат халықаралық іскерлік операцияларда мемлекеттік кірісті жоғалтудың алдын алуға бағытталған. Әрі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың трансферттік баға белгілеуге бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Өйткені осы уақытқа дейін шикізат өнімдерін трейдерлерге төмендетілген бағамен сату фактілері тіркелген.
Енді заңға мемлекет басшысы қол қойып, күшіне енсе, мұндай жағдайлардың алдын алуға болады, - дейді депутаттар. Өйткені капиталға бақылау күшейтіліп, нарықтық бағаны анықтау әдістері жетілдіріледі.
Досжан Маратұлы