Бүгін Алматыда «Құралай» сән үйі отандық дизайн өнерінің жарқын жетістіктерін жас жеткіншектерге арналған көрме ұйымдастырды.
Шарада мектеп оқушылары жазғы демалыстарын тиімді өткізу үшін орталыққа арнайы келіп, сән өнерінің қыр-сырына қанықты. Жалпы, ұлт болмысын айқындайтын ою-өрнектерді киім үлгісіне бедерлеу бұл халқымыздың бай рухани мұрасын насихаттаудың ең төте жолы. Сондықтан, ұлттық ой-өрнекпен нақышталған бұйымдар мен киім үлгілерін жасайтын дизаинерлерлердің көбеюі қазақ қолөнерінің әлемдік нарыққа шығуына жол ашады.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ